«Шабыт»

Елорданың рухани байрағына айналған «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі мәресіне жетіп, жеңімпаздарын анықтады. «Цирк өнеріне» тоқталар болсақ, фестиваль 4-5 қараша күндері Астана циркінде өтті. Байқауға Қазақстанның әр өңірінен келген сондай-ақ Қырғызстан мен Ресейден келген 16 команда бақ сынады. «Цирк өнері» байқауына Макинск қаласынан келген «Оригинальные жонглеры», Тараз қаласынан келген «Балауса» циркі, Қырғыз мемлекеттік циркі, Қарағандылық Қали Байжанов атындағы «Жас жүректер» концерттік бірлестігі, Астана қаласының «Балдырған» халықтық циркі, Қарағанды қаласының «Браво» сайқымазақтар халықтық театры, Ресейдің Новосибирск қаласынан келген «Невисимость» арт-студиясы, Шымкент қалалық «Оңтүстік-Цирк» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласының Қазақ мемлекеттік циркінен келген өнерпаздар бақтарын сынады. І орынды «Оңтүстік-Цирк» өнерпаздары Ернұр Оспанов пен Карина Шманько қанжығасына байласа, ІІ орын Бішкек қаласынан келген Қырғызстан Мемлекеттік циркінің намысын қорғаған Чинар Мадімқұловаға бұйырды. ІІІ орынды Тараз қаласынан келген «Балауса» театрының әртістері қанжығалады.

http://el.kz/m/photos/browse/album/%D0%A6%D0%B8%D1%80%D0%BA-%D3%A9%D0%BD%D0%B5%D1%80%D1%96/owner/Bahytgul

 

Все права защинены
Сделано в Тайной комнате