Астанада цирк әртістері арыстандардың қатысуымен «Алиса айнаның арғы бетінде» ертегісін ұсынады

 

24 желтоқсан мен 9 қаңтар аралығында Астаналық цирк Льюис Кэрролдің «Алиса айнаның арғы бетінде» ертегісінің кейіпкерлерімен қызықты саяхатқа шақырады.

 

Қойылымға көңілді сайқымазақтар, әуе гимнасттары, даршылар мен акробаттар, сондай-ақ үйретілген аңдар – африкандық арыстандар, понилер, далматиндер қатысады. Бала кезімізден білетін ертегі қызықты цирк номерлерінің сүйемелдеуімен өтеді. Сонымен қатар, Аяз Ата мен Ақшақар Ақ қоян, Чешир мысығы мен Ақ патшайымды құтқаруға аз ғана уақыты қалған Алисаға көмектеседі. Алиса достарының көмегімен Қызыл патшайым мен оның арыстандарын жеңеді.

 

Спектакль барысында кішкентай көрермендер Алисаның шытырмандары мен астаналық цирк әртістері дайындаған номерлерге қатысады. «Алиса айнаның арғы бетінде» ертегісімен таныс ересектер фокустар мен ғажайыптарды, жаңажылдық спектакльдің декорациялары мен түрлі эффектілерді тамашалап, тәнті болады.

 

Астаналық цирк елорда тұрғындары мен қонақтарын жаңажылдық каникулда балалармен бірге «Алиса айнаның арғы бетінде» ертегісін көруге шақырады.

Анықтама телефондары: 24 40 60, 25 40 61, + 7 702 495 03 03.

 

 

Все права защинены
Сделано в Тайной комнате