Афиши

Таңғажайып Жаңа жылдық шоу!

Жаңа жыл мерекесінде ғажайыптар орын алады, балақайлар Аяз атадан алатын сыйлықтарын тағатсыздана күтеді.

22 желтоқсан - 7 қаңтар аралығында Астаналық циркте еліміздің ең үздік жаңажылдық ертегісі - «Разморозка» өтеді.

Бұл – бірегей сценариймен жазылған, кейіпкерлері ерекше, ең үздік цирк нөмірлерінен тұратын самаладай жарқыраған жаңажылдық калейдоскоп. Айрықша ерекшеліктердің біріне дәстүрлі Аяз Атаның Санта Клаус немесе қытайдың Шань Дань Лаожен кейпінде шығуы жатады. Бұл цирк ертегісінде әрбір Жаңа-жылдық Сиқыршы Аяз атаның өзіндік адам айтқысыз тарихы бар.

Көптеген жылдар бұрын адамдар Жаңа жылдық шырша жанына жиналғанда бірін –бірі құттықтап, шаттыққа бөленулері үшін ғажайып бейнеде«күміс жіптерден» өрілген керемет әдемі аспан мерекелік сәуле шашуы үшін Аяз ата және оның құдіретті сиқыршы ағайындары Жаңа жылды ойлап табады.

Ал, осы уақытта ертегілік резиденцияда түрлі елдерден жиналған ағайынды Аяз аталар саммит өткізіп жатады. Дань Лаожен Қазақстанға келеді, Санта Клаус Қытай еліне тап болып, Аяз ата Америкаға барады. Олардың бастарынан жаңа жылдық оқиғалар өтеді. Осы уақытта галактикааралық Аяз Ата (қара жауын) бақытқа бөленбек, егер, адамдар мейірімді Аяз атадан түңіліп, Жаңа жылды қарсы алуды мүлдем қойып кетсе. Кім жеңеді : жақсылық немесе жамандық.

Аталған шоуға арналып, 30 костюм тіктірілді, эксклюзивті әуен, көп бояулы әшекейлі декорациялар. Жаңа жылдық ертегі бойы жас көрермендер барлық оқиғалардың қатысушысы болады, ертегі кейіпкерлерінің түрлі бейнелерге айналып кетуі, ғажайып калейдоскоп, мұның бәрі цирктік жаңажылдық ертегілік арнайы эффектілермен қоса беріліп отырады, сонымен бірге жаңажылдық шырша алауы жағылады.

Ертегіге қатысатындар: үйретілген иттер, түйелер, атты- акробатикалық  ансамблі, пони, жонглерлер, жіптегі әуе гимнасттары, мачтағы акробаттар, сигвейдегі эквилибристер, ерекше көңілді сайқымазақтар.

Барлық жастағы балаларға ата- аналарымен көруге арналған жаңажылдық цирктік ертегіні көруге асығыңыздар. Өте қызық болады!

Сектор мен қатарға байланысты билет құны 2000-6000 теңге аралығында. Бес жасқа дейінгі балаларға тегін.

Анықтама телефондары : 24-40-60, 24-40-61  

22 желтоқсан(жұма) - 12.00, 16.00

23желтоқсан(сенбі) - 12.00, 16.00

24желтоқсан(жексенбі) - 16.00

25 желтоқсан(дүйсенбі) - 16.00

26 желтоқсан(сейсенбі) - 16.00

27 желтоқсан(сәрсенбі) - 16.00

28 желтоқсан(бейсенбі) - 16.00

29желтоқсан(жұма) - 16.00

30желтоқсан(сенбі) - 16.00

02 қаңтар(сейсенбі) - 16.00

06 қаңтар(сенбі) - 16.00

07 қаңтар(жексенбі) - 16.00

Все права защинены
Сделано в Тайной комнате
КУПИТЬ БИЛЕТ