Афиши

«Африка алыптары»

 

 

Елордалық циркте жыртқыш африкалық хайуанаттардың қатысуыменжаңа бағдарламада ұсынылады

 

4 ақпаннан 5 наурызға дейін Астаналық циркте елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына «Африка алыптары» керемет шоу бағдарламасы ұсынылады. Елордаға ресейлік үлкен жануарлар циркінің әртістері гастрольмен келеді.

«Африка алыптары» бағдарламасына акробаттар, әуе гимнасттары мен сайқымазақтар кіреді. Сонымен қатар, суматралық жолбарыстар, ақ арыстандар, арқанмен жүретін лақ, маймылдар мен көңілді иттер де көпшілікті өз өнерімен тәнті етпек. Мүйізтұмсық Бони мен керік Багирдің цирк бағдарламасының жұлдызына айналары сөзсіз. Мұндай экзотикалық жануарлар Астаналық цирк манежіне сирек шығады.

Алты метрлік талантты керік Багир би билеп, сәнді шаш үлгілері мен сүюді ұнататынымен көрермендерді таң қалдырмақ, сондай-ақ, сонау Африкадан әкелінген мүйізтұмсық Бони де көпшілікті бей-жай қалдырмайды.

Мұнымен қоса, манежде ақ бенгал жолбарыстары мен алтын жолбарыстар, Африка аңызы – Алжирдің ақ арыстанының да өнерін тамашалауға болады.

Асығыңыздар! Астаналық цирк Сіздерді күтеді!

Анықтама телефондары: 24 40 60, 25 40 61;

 

5 жастағы балаға дейін бір үлкен кісінің еріп жүруімен билеті болған жағдайда кіру тегін.(орын ұсынылмайды,баланың туу туралы куәлігі болуы тиіс). Билеттің құны сектор және қaтaрғa байланысты.

«Африка алыптары» керемет шоу

бағдарламаның кестесі:

 

04 ақпан( сенбі )-16:00

05ақпан (жексенбі) -16:00 
11 ақпан (сенбі )– 16:00

12 ақпан (жексенбі ) – 16:00
18 ақпан (сенбі) – 16:00

19 ақпан (жексенбі )– 16:00

25 ақпан (сенбі) – 16:00
26 ақпан (жексенбі) – 16:00
04 ақпан
 (сенбі ) – 16:00

05 наурыз (жексенбі) – 16:00

 

 

Все права защинены
Сделано в Тайной комнате