Афиши

Астаналық цирк белгілі аң үйретуші Мстислав Запашный жетекшілік еткен «Великий русский цирк» (Ұлы орыс циркі) атты жаңа бағдарлама ұсынады.

10 қарашада сағат 17:00-де Астаналық циркте Мстислав Запашныйдың бағдарламасының премьералық қайырымдылық көрсетілімі өтеді. Премьераға 2000 мүгедек бала, балалар үйлерінің, интернат тәрбиеленушілері және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларшақырылды.

 Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы

Астаналық цирк белгілі аң үйретуші Мстислав Запашный жетекшілік еткен «Великий русский цирк» (Ұлы орыс циркі) атты жаңа бағдарлама ұсынады. Жытқыш аңдардың қатысуымен гастрольдік спектакльдер әр демалыс сайын қарашаның 11-нен желтоқсанның 10-на дейін өтетін болады.

Шоу-бағдарлама көрермендерін баурап алмақ. Шара барысында ццирк өнерінің түрлі жанрлары көпшілік назарына ұсынылады: акробатикалық трюктер, әуе гимнасттары, жонглерлар, сайқымазақта, мұнымен қоса, аюладың, сирек кездесетін жылқы тұқымдасының, иттердің және т.б. қатысуымен номерлер көрсетіледі. Бағдарламаға енген ең қызықты номер, әрине, бенгал және уссуриялық жолбарыстардың қатысуымен аттракцион болады.

Мстислав Запашныйдың бағдарламасына 50 артист, 13 жолбарыс, 4 аю, түрлі тұқымдағы 18 ит, қортық пинчерден бастап ірі мәскеулік күзететін иттерге дейін, сондай-ақ 3 ат тартылған.

Аталған бағдарлама жастар балетінің және ғажайып жарықтыық, лазерлік және түтіндеткіш инсталляциялардың сүйемелдеуімен өтеді.

Бүгінгі таңда «Великий русский цирк» (Ұлы орыс циркі) спектаклі жыртқыш аңдармен жұмыс істейтін, адамдар жиі баратын аттракциондардың бірі болып табылады. Көріністілігі мен кәсіби шеберлігінің деңгейі жағынан аттракцион-спектакль ресейлік цирк бағдарламаласының арасында көш бастап тұр. 2005 жылы аттракцион Мәскеуде өткен екінші бүкіләлемдік цирк өнері фестивалінде аттракцион бас жүлде – Гран-при иегері атанса, 2010 жылы наурыз айында Ижевскіде III халықаралық фестивалінде әлемнің цирк өнеріндегі өзінің біріншілігінің растап, жоғары марапат – алтын жүлдеге қол жеткізді.

Бағдарламаның директоры, қоюшы-режиссёрі және көркемдік жетекшісі – Ресей халық артисі, аты аңызға айналған аң үйретуші Мстислав Запашный.

Спектакльдің ұзақтығы – 2 сағат 20 минут. Билеттің құны – 2000-6000 тг. 4 жасқа дейінгі балалар үшін кіру тегін.

жасқа дейінгі балалар үшін кіру тегін.

Все права защинены
Сделано в Тайной комнате