КУПИТЬ БИЛЕТ
Афишалар

«ЭКСТРИМ» МӘСКЕУЛІК ОЙЫН-САУЫҚ бағдарламасы

2019 жылы 2 қарашада АСТАНАЛЫҚ ЦИРКТЕ үздік ресейлік цирк әртістерінің қатысуымен өтетін «ЭКСТРИМ» МӘСКЕУЛІК ОЙЫН-САУЫҚ бағдарламасының алғашқы қойылымы болады.

Сіздер елордада бұрын МОТОЦИКЛДЕГІ МОТО-ШОУДЫ, ҮЙРЕТІЛГЕН ҚОЙЛАРДЫ, АВТОКӨЛІККЕ МІНГЕН ЖОНГЛЕРЛЕРДІ көріп пе едіңіздер? ЖОҚ! Олай болса, АСТАНАЛЫҚ ЦИРККЕ қош келдіңіздер!

Сіздердің назарларыңызға «ЭКСТРИМ» атты жаңа бағдарламаны ұсынамыз, оны көргеннен кейін мұндай болуы мүмкін емес деген ойыңыздан арыласыз. Бағдарлама әртістері ешбір көрерменді бей-жай қалдырмайтын керемет, жоғары кәсіби деңгейдегі нөмірлерді көрсетеді. Әртістер көрермендердің ду қол шапалақтауымен соңғы рет сахнаға шыққанда, екі сағат уақыттың қалай зымырап өте шыққанын байқамай қаласыздар. «ЭКСТРИМ» МӘСКЕУЛІК ОЙЫН-САУЫҚ бағдарламасы – бұл Ресейден келген әртістердің қатысуымен өтетін ұмытылмас мереке, сондай-ақ, ғажайыптарға толы жануарлар әлеміне саяхат жасау, біздің бағдарламада әрбір көрермен өзіне ұнаған бір нөмірді табады.

«Күшті жонглерлер» атты нөмір әр көрерменді таң қалдырары сөзсіз, себебі әртістер автокөліктердің доңғалығымен өнер көрсееді, автокөлікті манежде тісімен тістеп жүргізеді. Мұндай айрықша трюктерді біздің бағдарламадан ғана көре аласыздар!

ЭМИЛИЯ БУДЗИЛОВИЧ-тің жетекшілігімен манежге шығатын түйелер керуені және кербез ламалардың өнеріне көрермендердің тәнті болары сөзсіз. ЭМИЛИЯ атты әуе гимнасшысы өзінің үздік нөмірлері арқылы кәсіби шеберлігін көрсетеді. Доңғалаққа отырған гимнасшылар, әуе гимнасшылары, эквилибристер, көңілді сайқымазақтар, сондай-ақ, өз қожайыны Татьяна Богданчикованың әмірімен жонглерлік өнерін көрсетіп, машинамен қыдырып, көрермендер залының үстімен ұшатын үйретілген тотықұстар, үйретілген жанаттар жұртты қызықтыратын нөмірлерді орындайды.

«ЭКСТРИМ» атты мерекенің басты кейіпкерлері – мотоциклмен ойын-сауық көрсететін әртістер болмақ. Олар 5 метрлік шардың ішінде адамның басын айналдырарлық трюктерді орындайды. Өте қызық әрі таң қаларлық емес пе?! Мұндай тамашадан құр қалмаңыздар!

Цирк кассалары 2019 жылы 18 қазаннан бастап жұмыс істейді. Алғашқы қойылым 2 қарашада сағат 16.00-де болады.

КЕЛІҢІЗДЕР! МҰНЫ ТЕК КӨЗБЕН КӨРУ КЕРЕК! ӨКІНБЕЙСІЗДЕР!

ТАМАШАДАН ҚҰР ҚАЛМАҢЫЗДАР! БАРЛЫҒЫ 10 ҚОЙЫЛЫМ БОЛАДЫ.

Все права защинены
Сделано в Тайной комнате