Афиши

«Азия жаңғырығы - 2018»

«Азия Жаңғырығы» қайтадан оттарды жандырады!

Цирк өнерінің 250- жылдығына. Үздіктердің үздігі!

Жылсайын Елордада Астана қаласының туған күніне орай оншақты әртүрлі іс-шаралар, фестивальдер, концерттер және байқаулар өткізіледі, олардың басым көпшілігі бұрыннан дәстүрліге айналды. Орта Азиядағы жалғыз Халықаралық цирк өнерінің фестивалі «Азия Жаңғырығы» осындай маңызды мерекелер қатарындағылардың ең әсерлісі. Осы жылы ол шілде айының 04-нен бастап 08-не дейін өтеді.

Жылсайын фестиваль әлемдік цирк өнерінің ең үздік жетістіктерін және ең күшті әртістерін жинайды.

Астаналық цирктің күмбезінің астында 13 елден екі байқаулық бағдарламада 60-тан аса әртістер өнер көрсетеді. Осы жылы Астанаға цирк таланттары Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Түркменстаннан, Вьетнамнан, Ресейден, Белоруссиядан, Украинадан, Франциядан, Канададан, Никарагуадан, Эфиопиядан және Венгриядан келеді.

Қатысушылардың шеберліктерін цирктік индустрияның және кәсіби медениет қайтаркерлерінен тұратын халықаралық сот тобы баға береді. Қазылар алқасының төрағасы әрқашан «Астаналық цирк» МКҚК-ның Бас директоры болып табылады, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Ерік Қалиұлы Жолжақсынов. Қазылар алқасының құрамына сонымен қатар Украина Ұлттық циркінің директоры, СССР-дің Халық әртісі Людмила Шевченко (Украина), Белорусс Мемлекеттік циркінің директоры Владимир Шабан (Беларусь), Монте –Карлодағы Халықаралық цирк өнері фестивалінің Вице-президенті Урс Пилс (Монте-карло), Латина Халықаралық цирк өнері фестивалінің Президенті Фабио Монтико (Италия), Велки циркінің Бас директоры Джерзи Козиак, Майамидағы Фаербёрдпродакшн компаниясының Президенті Петр Дубинский., «Ереван циркі»-нің көркемдік жетекшісі, Бас директоры Сос Иосиф Петросян (Армения), «Саха Республикасының Марфа және Сергей Раторгуевтардың атындағы Мемлекеттік циркі»-нің директоры Сергей Расторгуев (Якутия), Украинаның Мемлекеттік цирктік компаниясының директоры және көркемдік жетекшісі Сергей Кабаков (Украина), «Ассоциация артистов цирка» қоғамдық ұйымының құрылтайшы-мүшесі Лолита Липинска (Латвия), Түркмен циркінің директоры Аннамухаммед (Түркменстан), Қазақ Мемлекеттік циркінің директоры, көркемдік жетекшісі, мәдениеттанушысы Бақыт Бокебаев (Қазақстан) және «Оңтүстік-Цирк» Бас директоры Арман Алиев (Қазақстан) кірді. Сонымен қатар фестивальдің құрметті қонағы ретінде Астанаға Венгриядан пілдердің үйретушісі Ричард Такас және Украинадан шоу-бағдарламаның басшысы Виктория Гриценко келеді.

Все права защинены
Сделано в Тайной комнате
КУПИТЬ БИЛЕТ