ModernWeb

Құрметті біздің көрермендер мен жазылушылар!

​Нұр-сұлтан қаласының Астаналық циркі цирк әртістерімен бірге онлайн-жобаны іске қосады, онда сіз күн сайын біздің цирктің өмірін әлеуметтік желілерде және ресми сайтта көре аласыз.
Цирктің күнделікті "онлайн" режимі келесі шараларды қамтиды:
- Астаналық цирк әртістерінің тікелей эфирі;
- «Азия жаңғырығы» цирк өнері фестивалінен алынған мұрағаттық цирк қойылымдары мен нөмірлерінің көрсетілімдері;
- Астаналық цирк әртістерімен онлайн-сұхбат, қызықты және пайдалы әңгіме жүргізу;
- Қазақстан және әлемдегі цирк өнерінің тарихы туралы басылымдар;
- Әртістер сізбен гимнастика, акробатика, эквилибристика, жонглерлеу, клоунада, дрессура және тағы басқа жанр саласындағы білімдерімен бөлісіп мастер-класстар өткізу;
- жануарларды күту және тәрбиелеу жөнінде кәсіпқой аң үйретушілерден кеңестер;
-үй спортымен айналысатын бейне сабақтар;
- челлендждер мен байқаулар.

Бізге қосылыңыз, сіз көп пайдалы ақпарат ала аласыз, жонглерлеу мен қолда тұруды үйреніп қана қоймай, сондай-ақ көптеген жақсы эмоциялар мен әсерлерге ие боласыз.

Сондай-ақ, Біз сіздерге зор денсаулық тілейміз! Өзіңізді және сізді қоршағандарды сақтаңыз. Ертең, 4 сәуірде сағат 12.00-де Астаналық цирктің әртісі, Аң үйретуші Айсұлу Әбдікеріммен тікелей эфир өтеді.
Айсұлу Әбдікерім үйретілген көгершіндерімен онлайн-жаттығу өткізеді, сондай-ақ құстарға күтім жасау бойынша кеңестер береді және үйретудің кейбір құпияларымен бөліседі.

#астаналықцирк
#столичныйцирк
#карантин
#онлайнпроект
#бізбіргеміз
#үйдебол

Оцените материал
(0 голосов)
Прочитано 25 раз Последнее изменение Сәу 05, 2020
Другие материалы в этой категории: « Құрметті Ханымдар! "Свободная проволока" жанры »

БІЗ ТУРАЛЫ

Цирктің штатында 294 адам бар: соның ішінде 66 адам әкімшілік пен дирекцияда жұмыс істейді. Жас әртістер «Цирк өнері» аталымының лауреаттарының ішінен таңдап алынды. Астаналық цирктің шығармашылық ұжымы – бұл цирк өнеріне еңбегі сіңген шеберлер, халықаралық фестивальдер мене байқаулардың лауреаттары.

 

Соңғы постар

  • ANTIKOR
  • Әзілбек Болатов
    Ертең 25 мамыр күні сағат 12.00-де біздің Instagram парақшамызда
Top
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…