ModernWeb

Астаналық цирктің құрылу тарихы

Елбасы, Тұңғыш Президент Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен 2001 жылы Астаналық цирктің құрылысы басталды. 2005 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қатысуымен алғашқы цирк қойылымының көрсетілімі болды.

Жобаның авторы және сәулетші Төлеген Әбілда өзінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, «ұшқыш табақша» бейнесіндегі цирктің бірегей ғимаратын салды. Бұл ғимарат біздің елордамыздың тұрғындарының және қонақтарының назарын бірден өзіне аударады және қала құраушы нысандардың бірі ретінде Нұр-Сұлтанның жалпы келбетіне керемет үйлеседі.

Сол кездегі Астана қаласының әкімшілік жоспарлау және құрылысты дамыту департаментінің тапсырысы бойынша Астаналық цирк құрылысының бірінші бас мердігері «Керуенқұрылыс» компаниясы болды. 2002 жылы бас мердігер ауысып, «Концерн «Найза Құрылыс» ЖШС-і цирк ғимаратының құрылысын аяқтау жөніндегі міндеттемелерді өз мойнына алды.

Есілдің сол жағалауындағы жаңа қала құрылысын бекіту жоспарына сәйкес, Тұңғыш Президент Н. Ә. Назарбаев салынып жатқан 2000 орындық Астаналық цирк кәсіпорынына ҚР Еңбек сіңірген әртісі Б. Жұмағұловты директор етіп тағайындады. Болашақтың циркін салу және Қазақстанның жас әртістерін жинау мақсатында 2003 жылы «Астаналық цирк» МҚКК дирекциясы және әкімшілігі құрылды, бұл құрылым штаттық кестемен, сметалық құжаттармен айналысуға кірісті. 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап циркті қаржыландыру басталды.

Арена цирк өнерінің барлық талаптарына сәйкес салынған: ол жерде акробаттар әуеде өнер көрсететін құрылғы, лазерлік шоуға арналған жабдықтар, өзгеретін манеж (ол мұз айдынына айналдыруға болады) бар. Көрермендер залына (диаметрі 13 метр) 2000 адам сыяды. 36 орындық VIP-ложа бөлек орналасқан. Цирк ғимаратына 4 қабатты 113 орындық қонақүй кешені жапсарлас салынған. Сондай-ақ, цирк әкімшілігі, әртістердің дәретханасы, дайындалатын манеж, жануарларға арналған вольер, шеберхана және басқа да қосалқы бөлмелерді біріктіретін әкімшілік-шаруашылық кешені бар. Қонақ үйде люкс және екі орындық нөмірлер бар. Әр нөмірде ауа баптағыш, тұрмысқа қажетті заттар қойылған. Мұның бәрі әртістерге қойылымдар кезінде қолайлы жағдай туғызады.

Астаналық цирк Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады, ол көп жылдар бойы елорданың тұрғындары мен қонақтарын цирк өнеріне және басқа мәдени-бұқаралық іс-шараларға жұмылдырып келеді. Астаналық циркте цирк өнерінің барлық жанрлары топтастырылған: акробатика, гимнастика, иллюзия, жыртқыш, ірі және ұсақ жануарларды үйрету, сайқымазақтар және т.б. Цирктің қарамағында арыстандар, аюлар, аттар, түйелер, понилер, маймылдар және т.б. аңдар бар.

Өз көрермендерін таң қалдыру және сүйсіндіру үшін әртістер үнемі өз өнерін жетілдіруге ұмтылады. Цирктің жанынан өтіп бара жатқан адам бір аяқты велосипед тепкен алтын адамды бірден байқайды. Мүсінді жан-жағынан ертегі кейіпкерлері қоршап тұр. Айлакер Алдар Көсені басынан сипайсың. Алпамыс жырындағы Мыстан кемпір өзінің иелігіне шақырады. Ер Төстік өзінің ата-анасы туралы әңгімелейді. Егер Сіз үнсіз қалмасаңыз, ол кейіпкерлердің бәрі жауап қатады. Цирктің ғажайыбының өзі осында.

Цирктің штатында 294 адам бар: соның ішінде 66 адам әкімшілік пен дирекцияда жұмыс істейді. Жас әртістер «Цирк өнері» аталымының лауреаттарының ішінен таңдап алынды. Астаналық цирктің шығармашылық ұжымы – бұл цирк өнеріне еңбегі сіңген шеберлер, халықаралық фестивальдер мене байқаулардың лауреаттары.

Астаналық цирк әртістері ынтымақтастық аясында Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия, Қытай, Түркіменстан, Моңғолия, Грузия, Украина, Беларусь, Қатар, Иран, АҚШ, Жапония, БАӘ, Армения, Венгрия, Оңтүстік Африка, Германия, Голландия, Гонконг, Вьетнам, Тайвань, Тайланд, Сингапур, Камбоджа, Индонезия, Перу, Эквадор, Оман корольдігі сияқты мемлекеттерде болды.

БІЗ ТУРАЛЫ

Цирктің штатында 294 адам бар: соның ішінде 66 адам әкімшілік пен дирекцияда жұмыс істейді. Жас әртістер «Цирк өнері» аталымының лауреаттарының ішінен таңдап алынды. Астаналық цирктің шығармашылық ұжымы – бұл цирк өнеріне еңбегі сіңген шеберлер, халықаралық фестивальдер мене байқаулардың лауреаттары.

 

Соңғы постар

  • ANTIKOR
  • Әзілбек Болатов
    Ертең 25 мамыр күні сағат 12.00-де біздің Instagram парақшамызда
Top
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…